Бас прокуратураның экс- басшысы Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды

Ақтөбе. 10 қаңтар. ҚазТАГ- Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз- қызметі.

«Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.

Әбішев осы лауазымға тағайындалғанға дейін, бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесін қорғау департаментінің аға прокуроры, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ бас прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

Фото көзі: Пресс-служба ГП РК.


adimage