«Құжаттарды қабылдау және 2025 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізу мерзімдері: құжаттарды қабылдау: 2025 жылғы 3 наурыз бен 17 қазан аралығы; конкурсты өткізу: 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін», - деп ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасында айтылған.
Түсіндірме жазбаға сәйкес, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен бюджет қаражатын талап етпейді.
Фото көзі: bolashak.gov.kz