«Тапсырыс беруші – «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Жетісу облысы Ақсу ауданындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау (осының ішінде қысқы күтіп ұстау және жөндеу); саны - бір; өлшем бірлік – жұмыс; жоспарлы сома - Т801 714 340», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 8 қаңтарда басталған, 23 қаңтарға дейін жалғасады.
«Аксу ауданы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау (оның ішінде қысқы күтіп ұстау және жөндеу) - 527,85 шақырым. Жұмыстарды ҚР «Автомобиль жолдары туралы» заңының, транспорт және коммуникация министрінің 24 қаңтар 2014 жылғы №56 бұйрығымен бекітілген жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктеліміне және басқа да ҚР нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес тәулік бойы, жыл бойы, үзіліссіз, қауіпсіз және ыңғайлы жағдайда көліктердің қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында орындау қажет», деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: gov.kz