«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі»,- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұма күні.
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында 2024 жылы Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.
«Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді. Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмин» бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде. QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарлануда»,- деп нақтылады «Антикор».
2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).
«Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді»,- делінген хабарламада.
Фото көзі: pixabay.com