«Бәпи өзінің улануына байланысты пікір білдірді»
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи өзінің улануына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Депутаттың айтуынша, наурыз-сәуір айлары аралығында белгісіз ауру белгілеріне байланысты емханаға қаралған. Дәрігерлер аллергияны жоққа шығарып, диагноз қоя алмады. Жаңа ісіктер мен қатты қышынулар депутатты мазалауда.
Ол Қазақстаннан әлі кетпегенін айтты. 20 шілдеден кейін молекулалық жасушалық диагностика үшін Еуропаға баруға дайындалуда.
Ермұрат Бәпи оның улануы туралы болжам журналистердің жеке пікірі екенін айтты. Оның улану дерегі жоқ және ол бұл нұсқа бойынша болжам жасауды ерте деп санайды.
«Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?»
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында орта статистикалық қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға Т131,3 мың жұмсаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,7% көп, деп хабарлайды El.kz.
Былтыр алғашқы тоқсанда қазақстандықтар азық-түлік пен сусынға орташа есеппен жан басына шаққанда Т123,1 мың жұмсаған. Жылдық өсім 21,1% құрады.
Қазақстандықтар азық-түлік пен сусындарға кеткен ақшаның үштен бірін ет пен ет өнімдеріне жұмсаған: жан басына шаққанда Т43,3 мың, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4% көп.
Нан мен жарма өнімдеріне (адам басына Т20,5 мың, жылына плюс 8,6% ), сүт өнімдеріне (Т14,5 мың, плюс 7,7%) де көп шығын кеткен. Бестікті жеміс-жидектер (жан басына шаққанда Т11,6 мың) мен көкөністер (Т8,9 мың) түйіндеп тұр.
Қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге қазақстандықтар орташа есеппен бір тоқсанда адам басына шаққанда Т8,7 мың, майға - Т6,7 мың, балық пен теңіз өнімдеріне - Т5,9 мың, алкогольсіз сусындарға - Т5,8 мың, жұмыртқаға - Т3,3 мың жұмсаған.
«Әскери зауыт саған не үшін керек болды?»: Журналист Гүлбану Әбенова Димаш Құдайбергенге ескерту жасады
Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әскери көлік өндіретін зауытқа барған Димаш Құдайбергенді сынады, деп хабарлайды Stan.kz.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, халық әртісіне сауал жолдады.
«Оқырмандарым Димаш Құдайбергеннің Барысовтың зауытында жүрген видеосын жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?! Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, өзіңнің осы ақ костюміңдей атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен «Болашақты» жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан шыққан сөздің бәрін халық қабылдайды. Өйткені саған сенеді. Бірақ саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек», – деп жазды медиа маман.
«Енді қазақстандықтар үй алу үшін кез келген банкке ақша жинай алады»
Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді «Отбасы банкінен» басқа банктерде де жинауына болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, бүгінде мемлекеттік органдар мен банктер бірлесіп түзетулер әзірледі. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
«Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі», – делінген хабарламада.
Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Фото көзі: parlam.kz