Қарағандыда балабақша салуға Т1,8 млрд жұмсауды жоспарлап отыр

Қарағанды. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды қаласында балабақша салу бойынша жұмыстарға Т1,8 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қарағанды қаласы Оңтүстік-Батыс ауданында 320 орынға арналған балабақша салу. Байластыру; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 814 093 737», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 5 ақпанда басталып, 10 ақпан күні аяқталады.

«ЖСҚ сәйкес жұмыстарды орындау. Жұмыстарды орындау мерзімі: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап - 11 ай», - деп сатып алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage