Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызетінен.
«Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады», - делінген хабарда.
Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.
.
Тоқаев Орталық сайлау комитетінің басшысын қабылдады
![Тоқаев Орталық сайлау комитетінің басшысын қабылдады](/upload/resize_cache/iblock/0bf/881_500_2/berdenov.jpeg?173875652659737)