Цифрландыру министрлігі МЖӘ жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға Т86,2 млрд сұрауда

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Цифрландыру министрлігі МЖӘ жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға Т86,2 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 17 207 363; 2023 жыл - 17 233 009; 2024 жыл - 17 288 218; 2025 жыл - 17 235 968; 2026 жыл - 17 235 968», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т86 200 526 000.

Бюджеттік жобаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар 500 адамнан астам халқы бар 1257 ауылда орналасқан ТОБЖ арқылы мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелер үшін КЖҚ қызметтерін ұсыну жолымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға көзделген.

Мақсаты – халықтың ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділігі және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

«Міндеттер: интернет қолданушылар үлесі 2024 жылы - 93,5%, 2025 жылы - 93,7%, 2026 жылы - 93,9%. Интернетке кең жолақты қол жетімділіктің үй желілерінің ену деңгейі 2024 жылы - 96%, 2025 жылы - 97%, 2026 жылы - 98%» - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage