Қазақстанда жыл басынан бері 22 млн астам қорап темекі тәркіленді

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Жыл басынан бері Т11 млрд астам сомаға 22 млн астам қорап темекі тәркіленді, деп хабарлады ҚР қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Жалпы, 2024 жылдың басынан ҚМА өндірісінде темекі өнімдерінің айналымына байланысты 62 қылмыстық іс тіркелді, оның 35-і сотқа жолданды. Барлығы 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қорап темекі тәркіленді», - деп хабарлады агенттік.

Сонымен қатар, еліміздің екі өңірінен акцизсіз 150 мыңға жуық темекі тәркіленді
Бұдан басқа, Ақтөбе облысы бойынша ҚМА департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

 ҚМА хабарлағандай, «Жайсан-авто» автомобиль-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан тауар шығару кезінде жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Жүк көлігінің шанағын тексеру кезінде көкөністерде (пекин қырыққабаты) жасырылған акциздік маркалары жоқ, жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес төлеуге жататын акциздік алым сомасы 22,6 млн теңгені құрайды.

Қарағанды облысында агенттік қойма үй-жайын тінту барысында 71 мыңнан астам қорап темекі тауып, оларды тәркіледі. Тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 18,5 млн теңгені құрады. Контрафактілік темекі өнімдері жойылды.

adimage