Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», - делінген үкіметтің қаулысында.
2025 жылы барлығы 915 запастағы офицер шақырылады, оның 700-і қарулы күштер құрамына, 80-і Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, 131 – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы және төртеуі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне.
Минкабинеті қаулысының көшірмесі 20 қарашада Қазақстанның нормативті құқықтық актілерінің эталонды банкінде жарияланды және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткесін қолданысқа енгізіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 2024 жылы 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
25 Қараша 2024, 16:13 -
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептеліп қалды
25 Қараша 2024, 15:56