«400-ден аса жүк көлігі мемлекеттік шекараның Қазақстан аумағында "Тәжен" өткізу пунктінде жиналып қалған»,- делінген хабарламада.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата — Қоңырат" автомобиль жолының ашылуы, өткізу пунктінде көлік кептелісінің болуына әсер еткен. Бұдан басқа, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін, тауарларды тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдап немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынды», -делінген хабарламада.
Фото көзі: Lada.kz