«2024 жылы 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар»,- ділінген хабарламада.
Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.
Аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді.
Министр еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеумет және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Фото көзі: Пресс-служба Акорды