"Үкімет Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 150 орындық мектептің құрылысына 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады»,- делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, Жамансор ауылында 195 мектеп жасындағы бала тұрып жатыр, қазіргі таңда ол жерде тек бастауыш мектеп қызмет атқаруда. Ата-аналары 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларды 60 шақырым қашықтағы Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан С. Шәріпов атындағы мектеп-интернатқа апаруға мәжбүр.
Фото көзі: пресс-служба премьер-министра