Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады. Республика бойынша тұман және желдің күшеюі 15-20 м/с, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін болады деп күтілуде», -делінген хабарламада.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage