Абай облысында орман өрті оқшауланды

    Семей.26 мамыр.ҚазТАГ- Абай облысында орман өрті оқшауланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
   «Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өртті 25 мамыр күні кешке оқшаулауға мүмкіндік туды»,- делінген хабарламада.
  Өрт орнында рюкзактар мен мүмкіндік құралдарын қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған.
  Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ: ТЖМ-5, Қорғанысмині-3, Экология министрлігі -2. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді.

adimage