Саясат Нұрбек: Назарбаев – президент жанындағы Академияның емес, қоғамдық ұйымның академигі

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Мемлекеттің экс-басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тек ғалымдардан ғана құрылған Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен ешқандай байланысы жоқ қоғамдық ұйым болып табылатын «Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық ұйымының (РҚҰ) академигі болып табылады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Ол (Назарбаев – ҚазТАГ) РҚҰ академигі – сол бұрынғы академияның, әзір ол жұмыс жасап тұрғанда, соның академигі болып қала береді. Ал жаңа президент жанындағы Ұлттық академияда академик атағын тек қатаң талаптардан тұратын конкурстан өткен ғалымдар ғана ала алады, себебі бұл академияда шын мәнінде мықты ғалымдар ғана болуы керек», - деді ҚазТАГ агенттігіне Нұрбек жұма күні.

Ол редакциямен президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясына академиктерді іріктеу бойынша конкурстың аяқталғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен, «Өмір және денсаулық туралы» ғылым саласы бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты) медицина ғылымдарының докторлары Серік Ақшолақов пен Вячеслав Локшин, «Жер, ғарыш және коммуникация туралы» ғылым саласы бойынша («Жаратылыстану ғылымы», «Инжиниринг және технология» бағыты бойынша) физика-математика ғылымдарының кандидаты Максим Здоровец, физика-математика ғылымдарының докторы Тілекқабыл Рамазанов, математика жөніндегі философия докторы Дурвудхан Сураган және биология ғылымдарының кандидаты Ерлан Тұрыспеков академик атақтарын алды.

«Онда (президент жанындағы академияда – ҚазТАГ) ғылыммен айналысатын нағыз ғалымдар, ол жерде бұрынғы мемлекеттік қызметкер, қандай да бір басшылар жоқ – таза ғалымдар. Сондықтан академия тек осы бағытта ғана толықтырылуда», - деп атап өтті министр.

Бұл ретте ол қандай да бір жанжалдың барын жоққа шығарды.

«Ешқандай жанжал жоқ. Біз РҚҰ-дағы бұрынғы академия мүшелерінің конкурсқа қатысуына ешқандай шектеу қоя алмаймыз: өтініш беріңіз, конкурсқа қатысыңыз. Оның үстіне, РҚҰ, яғни бұрынғы академияның бірнеше мүшесі қазір конкурсқа қатысып жатыр, өтсе Ұлттық ғылым академиясының академигі статусы беріледі», - деп түсіндірді ҒЖБ министрі.

24 шілдеде министр Нұрбек президенттің шешімімен жаңа ғылым акадеиясының құрылғанын мәлімдеді. Қазір онда тоғыз академик бар, бұрынғылардікі жойылды. Сонымен қатар экс-президент Назарбаев та өз статусынан айырылғаны белгілі болды.

 25 шілдеде бұрынғы – «қоғамдық» - академия мүшелері Нұрбекті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясын өзгерту бойынша тапсырмасын орындауды созып жіберді деп кінәлап, олар РҚҰ-да қазір 146 академик пен 74 тілші мүшесі барын айтқан еді.

adimage