Қазақстан журналистикасының мэтрі Сағымбай Қозыбаев 80 жаста

Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның құрметті журналисі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Козыбаев 80 жаста, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев 1944 жылы 16 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.

Сағымбай Қабашұлы 1970 жылы мемлекеттік Ленинград университетінің (Санкт-Петербург) журналистика факультетін тәмамдаған. Сосын Қазақстан мемлекеттік теле-радио жүйесінде кіші редактор, бас редактордың орынбасары, Бүкілодақтық радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі, 1974 жылдан бастап 1981 жылға дейін ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, 1981 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылы Қазақстан журналистика академиясының негізін қалап, оның президенті болды.

Бұдан бөлек, ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің баспа және электронды БАҚ кафедрасының профессоры болып табылады.

Қозыбаев – жүздеген ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы, «Партийное руководство средствами массовой информации: история, опыт, проблемы, перспективы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Қазақстанның дамуына қосқан орасан үлесі үшін Қозыбаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен, Қазақстан Журналистика академиясының алтын медалімен, Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Казакстанның құрметті журналисі» құрметті белгісімен марапатталған.

ҚазТАГ редакциясы Сағымбай Қабашұлын мерейтойымен құттықтайды және оған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейді!

adimage