Қызылордада полиция бір жеңіл автокөлікті Т39 млн сатып алмақшы

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Қызылорда облысының полиция департаменті бір жеңіл автокөлікті Т39 млн сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті» ММ; атауы - автомобиль; қосымша сипаттамасы - автокөлік сатып алу; саны - бір; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома – Т39 990 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 шілдеде басталған, 2 тамызда аяқталады.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage