Елімізде ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларына өзгерістер мен толықтыру енгізбек

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Елімізде ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларына өзгерістер мен толықтыру енгізбек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта (функциялар - ҚазТАГ): 4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «органикалық өнім өндірісі және айналымы;»; 52) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін;»; 350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «350) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 351-1) тармақшамен толықтырылсын: «351-1) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;», - деп үкіметтің қаулы жобасында айтылған.

Сондай-ақ жоба бойынша фукциялардың келесі тармақшаларына өзгерістер мен толықтыру енгізбек: 352), 353) және 354) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «352) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді; 354) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасын жетілдіреді;».

Түсіндірме жазбаға сәйкес, жобаның мақсаты органикалық өнім өндірісі және оның айналымы саласындағы қабылданатын нормативтік актілерде «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізгі ережелерін іске асыру болып табылады.

«Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру», - деп үкіметтің қаулы жобасына берілген салыстырмалы кестенің негіздемесінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage