Оның тізімінде қазақстандық танымал адамдар мен бизнесмендер болған - VIP-жеңгетайға үкім шықты

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Ішкі істер министрлігі 2023 жылдың маусымында ұстаған, клиенттер тізімінде қазақстандық белгілі адамдар мен бизнесмендер болған «VIP-жеңгетайға» үкім шықты.
«М. ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), 309 бабы 2 бөлімінің 1 тармағы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша кінәлі деп танылды және оған қылмыстардың жиынтығы бойынша алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Т.ҚК 28 бабы 5 бөлігі (қылмысқа қатысу),309 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбі күні Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Журналист Михаил Козачков Telegram-каналында еске салғандай, сотталушы ҚазТАГ-тың 2023 жылдың желтоқсанында тізімін жариялаған «VIP-жеңгетайдың» өзі. Кейін ол тізім «Айка тізімі» деп аталып кетті.
Іс материалы бойынша, сотталушы М.2023 жылдың мамыр айында  аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты) сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.
«Сондай-ақ М. 2020-2023 жылдар аралығында материалдық пайда алу мақсатында Т.-мен бірлесіп, интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды пайдаланып жеңгетайлық жасаған. М. осы қызметтер арқылы жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы қыздардан ақша алып отырған», - деп нақтылады сотта.
Еске салсақ, ІІМ 2023 жылдың 6 маусымында Алматыда айналымында Т209 млн бар әлеуметтік желілердегі "жабық" топтарды анықтады. Аталмыш әдеуметтік желілер арқылы қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырған
Істің басты фигуранты ретінде сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қыз ұсталды. Ол, тергеу нұсқасы бойынша, ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Құқыққорғаушылар нақтылағандай, «секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін Instagram әлеуметтік желісінде 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер» ретінде көрсеткен.
Сол кезде полиция тінту барысында күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар күнделік тәркіленгенін мәлімдеген еді.
2023 жылдың 1 желтоқсанында ҚазТАГ мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған «VIP-жеңгетайдың клиенттерінің тізімінде» қазақстандық танымал адамдар мен бизнесмендердің де барын хабарлаған болатын. Ал оның ұсталғаны туралы ішкі істер министрлігі маусым айында мәлімдеді.

adimage