«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мәдени-демалыс жұмысын қолдау», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 3 176 221; 2023 жыл - 2 701 760; 2024 жыл - 2 858 013; 2025 жыл - 2 910 672; 2026 жыл - 2 923 318», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т14 569 984 000.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар мәдени-демалыс ұйымдарына бюджеттік субсидиялар бөлу жолымен мәдени өмiр саласына тарту мақсатында тұрғындардың барлық топтары үшін мәдени-сауық іс-шараларының жалпыға бiрдей кол жетiмдiлiгін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту болып табылады.
«Міндеттер: 2024-2026 жылдары халықтың мәдениет саласында көрсетілетін қызметке қол жетімділігін 100% қамтамасыз ету», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: pixabay.com