Шымкентте психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы қызмет көрсету бойынша бағдарламаға Т7,3 млрд сұрауда

Шымкент. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкентте психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы қызмет көрсету бойынша бағдарламаға Т7,3 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 1 010 195; 2023 жыл - 1 345 857; 2024 жыл - 1 641 181; 2025 жыл - 1 651 802; 2026 жыл - 1 689 890», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т7 338 925 000.

Мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік-медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық қызметтерді көрсету.

«Міндеттер: түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлерін жүзеге асыру. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік - тұрмыстық қызметтерді көрсетуді 100% қамтамасыз ету» - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage