«Тапсырыс беруші – «№1 Автобус паркі» АҚ; атауы - автокөлікті/арнайы техниканы жуу бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - тапсырыс берушінің аумағында автобустарды жуу бойынша қызметтер, Астана қаласы, Тайбурыл көшесі, зд. 40/6 мекенжайы бойынша; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т233 512 400», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 17 желтоқсанда басталған, 25 желтоқсанда аяқталады.
«Қызмет тапсырыс берушінің аумағында мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Астана қ., Тайбурыл к-сі, 40/6. Тапсырыс берушінің арнайы жабдықталған және жылытылатын қатты жабыны бар үй – жайында (бетон), үй – жайдың биіктігі кемінде 4000 мм, ауданы кемінде 860 ш. м., екі қақпасы бар, қақпаның өлшемдері кемінде: ені-6000 мм, биіктігі-4500 мм. Жууға жататын көлік құралдарының (автобустардың) күнделікті саны – кемінде 220 бірлікті құрайды. Автобустардың ұзындығы 12 метр және 18 метр. Автобустардың саны ластануға, ауа-райына және маусымдыққа байланысты өзгеруі мүмкін», - деп сатып алынатың қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: ҚазТАГ/©Әмір Қасенов