Жетісу облысында заңсыз аулаған 100 келіден астам балық тәркіленді

Талдықорған. 6 қаңтар. ҚазТАГ- Лепсі өзенінің бойында 33 жастағы күдіктіден заңсыз аулаған 100 келіден астам балық, 16 темір тор, сондай-ақ қайық тәркіленді, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

«Тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланып браконьерлікпен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұзушыдан ұзындығы 100 метр және ені 5 метр 8 балық аулауға арналған тор, 16 темір тор, сондай-ақ қайық тәркіленді. Сонымен қатар браконьерден 100 келіден астам балық табылды»,- делінген хабарламада.

Алдын ала есептеулер бойынша табиғатқа келтірілген залал шамамен 777 мың теңгені құрайды.

«Табиғатты қорғау қызметтері еске салады: браконьерлік экожүйеге елеулі зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар заңнаманы бұзып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігін қарастырады. Балық аулау торларын пайдалануға тыйым салынады, себебі мұндай әдістер балық популяциясына қауіп төндіреді және табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі»,- деп қосты ІІМ.

Фото көзі: официальный интернет-ресурс МВД РК


adimage