Шымкентте алаяқтық пен жалған құжат жасаған ер адамға іздеу жарияланды

Шымкент. 6 қаңтар. ҚазТАГ- Шымкентте алаяқтық пен жалған құжат жасаған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардан фотосуретте көрсетілген ер адамның жеке басы мен жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрайды. Ол ірі мөлшерде алаяқтық және жалған құжат жасағаны үшін іздестірілуде",- делінген хабарламада.

Ер адамның жеке басы мен жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсандарды 102, 8701-216-46-46 телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.

Фото көзі: Пресс-служба ДП Шымкента


adimage