«QazaqGaz Aimaq» АҚ ұжымы 2024 жылғы 31 желтоқсанда Талдықорған қаласында болған газ жарылысынан зардап шеккен отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Еске салсақ, таңғы сағат 7: 25-те авариялық-диспетчерлік қызметке төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін, оқиға орнына «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бригадасы дереу шықты»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Оқиға орнына келгеннен кейін біздің мамандар газ беруді тоқтатып, Жетісу ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Компанияның айтуынша, үйдің аумағын және оған іргелес аумақты тексеру барысында газ қызметінің қызметкерлері су құбыры мен кәріздің аралас коммуникацияларының құдықтарында газдану белгілерін анықтады.
«Газдың ағып кету көзін нақтылау үшін жеке орта қысымды жерасты газ құбырының осі бойымен, сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ пайдаланудағы төмен қысымды жерасты екі газ құбырын бұрғылау тексерісі жүргізілді»,- деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Ресми тексерулер нәтижелері бойынша, біз қызмет көрсететін газ желілерінде газ ағуы жоқ және олар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Талдықорған қаласының және оған жақын орналасқан аудандардың тұрғындарын тергеу нәтижелерінің ресми қорытындысын күтуге шақырады.
«Қосымша ақпаратты «QazaqGaz Aimaq» АҚ ресми сайтынан немесе осы оқиғаны тергеумен айналысатын уәкілетті органдардан алуға болады. Біз өз тарапымыздан тергеумен жан-жақты өзара іс-қимылды жалғастырамыз және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»,- деп қорытындылады компания.
Фото көзі: pixabay.com