Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серверлік ресурстарды жалдауға Т472 млн-ға жуық қаражат жұмсамақ

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы виртуалды бөлінген серверді жалдау бойынша қызметтерге Т472 млн-ға жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; атауы - виртуалды бөлінген серверді жалдау бойынша қызметтер (VPS); қосымша сипаттамасы - аренда серверных ресурсов («серверлік ресурстарды жалға алу», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың қосымша сипаттамасы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т471 699 685,53», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 15 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында өтеді.

«Қызмет көрсету орны - деректерді өңдеудің негізгі және резервтік орталықтарының орналасқан жері бойынша. Қызмет көрсету мерзімі - 2025 жылғы 01 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.

adimage