«Шымкент қаласының прокуратурасы сотпен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушілерді Тізілімге енгізбеу фактілерін анықтады»,- делінген хабарламада.
Бұл бұзушылық жосықсыз өнім берушілерге конкурстарға кедергісіз қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мүмкіндік берді.
Қадағалау актісі бойынша Тізілімге 25 жосықсыз өнім беруші енгізіліп, 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фото көзі: из открытых источников