«Астана Тазалық» техниканы жөндеу жұмыстарына Т330 млн жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандандырылған техниканы жөндеу жұмыстарына Т330 млн жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана Тазалық» ЖШС; атауы - работы по ремонту автотранспортных средств («көлік жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Mersedes, Dong Feng, Iveco мамандандырылған техникасын жөндеу жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т330 000 000», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 31 желтоқсанда басталған, 10 қаңтарда аяқталады.

«Мамандандырылған техниканы күрделі, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік кітапшада баяндалған дайындаушы зауыттың ұсынымдарына сәйкес келуге тиіс. Жұмыстарды орындау мерзімділігі мен тәртібі техника өндірушісі бекіткен нормативтік құжаттар мен стандарттарға сәйкес белгіленеді. Орындаушының техниканың осы түрінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті лицензиялары мен рұқсат құжаттары болуы міндетті. Пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен материалдар түпнұсқа немесе өндіруші мақұлдаған болуы керек. Түпнұсқа бөлшектер болмаған жағдайда сапасы тиісті сертификаттармен расталған аналогтарды пайдалануға жол беріледі. Жұмысты бастамас бұрын орындаушы тапсырыс берушімен жоспарланған жұмыстардың тізбесі мен көлемін, сондай-ақ олардың құны мен орындалу мерзімдерін келісуге міндетті», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: «Астана Тазалық»


adimage