Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады деп күтілуде

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады. Еліміздің қалған аумағында жоғары қысым алаңының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында - көктайғақ, жел тұрады, солтүстігінде, шығысында бұрқасын сооғады», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні 15-18 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін кейде тұман, жолдарда көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -10-12, күндіз 0-2.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -7-9, күндіз +4+6.

Ақмола облысында түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -5-10 және түнде -7-12.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -12-17 және күндіз -6-11.
Қарағанды облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз -7-12.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз -2+3.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3+2 және күндіз +2+7.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3+2 және күндіз +2+7.
Ақтөбе облысында солтүстігінде қар жауады. Түнде -6-11 және күндіз -3-8.
Қостанай облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -5-10 және күндіз 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігі ммен шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -3-8.
Павлодар облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -1-6.
Абай облысында түнде солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -4-9.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -8-13.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -8-13, күндіз -2+3.
Түркістан облысында да жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз +2+7.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -6-11.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз 0-5.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз 0-5.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерінде мұз қату процестерінің орын алуына байланысты су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage