Жұма күні Астанада, Алматыда және Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Астанада, Алматыда және Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«10 қантарда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.

10 қаңтарда Алматы облысының облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

10 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Астана қ.: 10 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 10 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

10 қаңтарда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 10 қантарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с. Семей қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 10 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

adimage