Алматыда жаппай төбелес шығарған шетелдік студенттер 5 жылға депортацияланады- депутат

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ- Алена Субботина. Алматыда жаппай төбелес шығарған шетелдік студенттер 5 жылға депортацияланады, деп Сенатор Марат Қожаев мәлімдеді.

«Бұл жерде заңнама өрескел бұзылған. Қоғамдық орында бір-біріне дене жарақатын салуға дейін барған. Біздің заңның талабы бойынша, мұндай әрекет жасаған шетелдіктер депортацияланады. Оқуға берілген заңды құжаттары жойылады. Олар бес жылға дейін Қазақстанға қайтып келе алмайды», – дейді Марат Қожаев бейсенбі күнгі хабарламада.

Сенатордың айтуынша, кез келген шетелдік біздің заңдарымызды, тәртібімізді, салт-дәстүрлерімізді құрметтеуі керек, соған сай өзін ұстауы тиіс.

Фото көзі: Из открытых источников


adimage