«Алматыда қуатылығы тәулігіне 1 200 текше метрге дейін қар еріту пункті ашылды. Онда экологиялық таза технологиямен қар ерітіліп, кәдеге жаратылады»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Жылы су қысыммен сорғы қондырғылары және құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады. Кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі.
Жалпы қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі.
Фото көзі: Пресс-служба акимата Алматы