Жетісу облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын сақтаған күдікті ұсталды

Талдықорған. 15 қазан. ҚазТАГ- Жетісу облысында полицейлер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 33- жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын сақтауға қатысы бар 33 жастағы күдікті ер адамды ұсталды»,- делінген хабарламада.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама нәтижесінде бұл заттың синтетикалық есірткі – «мефедрон» екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 6 граммды құрайды.

Ұстау кезінде күдікті жиналмалы пышақ қолданып, құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, алайда "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері күдіктіні сәтті қолға түсірді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Фото көзі: pixabay.com


adimage