Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады деп күтілуде

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне салқын солтүстік-батыс антициклон ықпал етеді, соған байланысты күн аяз болады, жауын-шашынсыз. ҚР оңтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардыңөтуімен жауын-шашын түседі (қар, жаңбыр), көктайғақ, еліміздің шығысында жаяу сырма соғады. Қазақстан бойынша тұман түседі, жел тұрады», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -26-28, күндіз -22-24.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +2+4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Кейде тұман түседі. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +4+6.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, күндіз -28-33 (оңтүстігінде +20+25), түнде -33-38 (оңтүстігінде -23-28).
Алматы облысында күндіз оңтүстігінде тауларында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -1+4, түнде 0-5.
Жетісу облысында күндіз солтүстігінде, шығыс мен орталығында, түнде барлық аумағында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Түркістан облысында күндіз барлық аумағында, түнде оңтүстігінде тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (солтүстігінде -2-7), түнде -3+2 (солтүстігінде -8).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -7-12 (солтүстіігнде -15), түнде -13-18 (оңтүстігінде -8)
Атырау облысында түнде батысында тұман түседі. Күндіз -2-7 (солтүстік-шығысында -10), түнде -5-10 (солтүстік-шығысында -13).
Маңғыстау облысында түнде солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Күндіз 0+5 (солтүстігінде -5), түнде 0-5 (солтүстігінде -8-13).
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -10-18 (солүстігінде және шығысында -18), түнде -15-20 (солтүстігінде -23, батысында -13).
Қостанай облысында солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз -25-30 (солтүстігінде -33, оңтүстігінде -15-20), түнде -27-32 (солтүстігінде, шығысында -35, түнде -20).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -30-35, түнде -36-41.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -25-30 (солтүстігінде -35), түнде -32-37 (оңтүстігінде -27, солтүстігінде -40).
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз және түнде -17-22 (оңтүстігінде -7-12).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -8-13, түнде -13-18.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында қар жауады. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде -8-13), түнде -18-23 (оңтүстігінде -8-13).
Абай облысында түнде шығысында аздаған қар жауады. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде 7-12), түнде -20-25 (оңтүстігінде -10-15).
Қызылорда облысында солтүстігінде тұман түседі. Күндіз -2-7 (батысында -10), түнде -7-12 (солтүстігінде -15).
Жамбыл облысында оңтүстігінде тауларында тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage