Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады»,- делінген хабарламада.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 17-22 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы +10,+12, түнде +8+10.

Алматыда күн құбылмалы. Күндіз ауа температурасы +22+24, түнде+10,+12.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
 Күндіз ауа температурасы ++19+21, түнде +12+14.

Ұлытау облысында күндіз + 10+15, түнде + 6+11.

Қарағанды облысында күндіз + 9+14, түнде + 7+12.

Батыс Қазақстан облысында күндіз + 7+12, түнде 0,+5.

Атырау облысында күндіз + 14+19, түнде + 5 + 10.

Маңғыстау облысында күндіз + 20+25, түнде +11+16.

Ақтөбе облысында күндіз + 2 + 7, түнде 0,+5.

Қостанай облысында күндіз -2 + 3, түнде 0, -5.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -2 + 3, түнде 0, -5.

Павлодар облысында күндіз + 5+10, түнде 0,+5.

Абай облысында күндіз 18 + 23, түнде + 5 + 10.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз +18 + 23, түнде + 5 + 10.

Қызылорда облысында күндіз + 15+20, түнде +6 + 11.

Түркістан облысында күндіз + 19+24, түнде +11 + 16.

Жамбыл облысында күндіз + 15+20, түнде +11 + 16.

Алматы облысында күндіз + 20+25, түнде +9 + 14.

Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото көзі: freepik


adimage