«Тапсырыс беруші – «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции мостов и тоннелей («көпірлер мен тоннельдерді күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Қызылорда қаласында Жаңадария каналындағы көпірді реконструкциялау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т864 433 089,28», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 13 қаңтарда басталған, 28 қаңтарға дейін жалғасатын болады.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жоба-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 8.8 тармағына сәйкес, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: ©Мадина Алимханова