«ҰҚК Шекара қызметі 15 қаңтарда экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті. Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған»,- делінген хабарламада.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады. Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.
Фото көзі: Gov.kz