Қызылорда облысы газ тасымалдау жүйесін дамытуға Т31,1 млрд сұрауда

Қызылорда. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Қызылорда облысында газ тасымалдау жүйесін дамытуға Т31,1 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Газ тасымалдау жүйесін дамыту», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 214 148,6; 2025 жыл - 14 247 799,9; 2026 жыл - 14 247 799,9; 2027 жыл - 1 167 690; 2028 жыл - 1 254 801», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т31 132 239 400.

Мақсаты – табиғи газдағы экономикалық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты сұранысын қамтамасыз ету, газ ресурсын рационалды әрі тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік – экономикалық әсерін арттыру. Халықты сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету.

«Міндеттер: халықты газбен қамтамасыз ету 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 82%, 2027 жылы - 85%. Жаңа құрлысы есебінен газбен жабдықтау желілерінің ұзындығын ұлғайту - 68,7 км. Жаңа-бу газ қондырығысына газ құбырларын жүргізу, Арал ауданы бойынша Қамыстыбас елді мекенін газбен қамтуға мүмкіндік алатын АГТС-тің құрылысы бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: rbc.ua


adimage