Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобалар бойынша проблемалардың туындауы мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілік алудан тайсалуынан деді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Экономиканы әртараптандыру. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек», - деді Тоқаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, тағы бір аса маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Дегенмен тоқмейілсуге негіз жоқ.
Инвесторлардың мәселесін шұғыл шешу үшін Инвестиция штабы құрылды. Соның арқасында бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қарама-қайшылықтар жойылып, кейбір жобаларды тезірек жүзеге асыруға жол ашылды. Алайда басты мақсат – «жекелеген» проблемаларды ғана шешпей, елдегі тұтас инвестициялық ахуалды жақсарту.
«Инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында ведомствоаралық үйлестіруге әлі де көп уақыт кетеді. Үкімет басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеуі керек.
Мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отыр. Мұны ашық айтқан абзал», - деді мемлекет басшысы.
.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
30 Қаңтар 2025, 08:34 -
2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19%-ға жеткен
29 Қаңтар 2025, 16:17 -
Қарағанды-Теміртау су өткізгішін реконструкциялауға Т8,7 млрд жұмсамақ
29 Қаңтар 2025, 15:41 -
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр- Бас прокурор
29 Қаңтар 2025, 15:31