Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев батыс электр желісін Бірыңғай электрэнергетикалық жүйемен біріктіруді тапсырды.
«Үкімет 2027 жылы Батыс аймақтағы электр желісін еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесімен біріктіруі керек. Сондай-ақ Оңтүстік аймақтағы электр желілерін күшейту жобасын жеделдеткен жөн. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығын жою үшін «жасыл» энергетика саласында ірі жобалар мен бу-газ қондырғылары іске қосылды. Сондықтан 2026 жылы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырына қарасты екінші тармақтың алғашқы кезеңін аяқтауымыз керек», - деді Тоқаев сейсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент мәлімдегендей, жалпы газ саласын дамыту елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық өрлеуінің негізгі факторына айналып келеді. Былтыр 9 өңірдегі 107 елді мекенге газ жеткізіліп, 300 мың халықтың тұрмысы жеңілдеді.
«Шеврон» корпорациясымен бірге жаңа газ кеніштерін игеру жұмыстары басталып, Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесін геологиялық барлау жөнінде ынтымақтастық орнады. Алайда Жаңаөзен мен Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының, сондай-ақ Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы базасында жұмыс істейтін электр стансасының құрылысы ойдағыдай жүріп жатқан жоқ. Аталған жобалар межелі мерзімде аяқталуға тиіс», - деді мемлекет басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
30 Қаңтар 2025, 08:34 -
2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19%-ға жеткен
29 Қаңтар 2025, 16:17 -
Қарағанды-Теміртау су өткізгішін реконструкциялауға Т8,7 млрд жұмсамақ
29 Қаңтар 2025, 15:41 -
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр- Бас прокурор
29 Қаңтар 2025, 15:31