Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Инфрақұрылымды жаңғырту мен бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек, деп мәлім етті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек. Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалар», - деді Тоқаев сейсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент атап өткендей, ол үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтеді. Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр.
«Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, «Қазпошта» арқылы орындалып жатыр. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Токаев.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
30 Қаңтар 2025, 08:34 -
2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19%-ға жеткен
29 Қаңтар 2025, 16:17 -
Қарағанды-Теміртау су өткізгішін реконструкциялауға Т8,7 млрд жұмсамақ
29 Қаңтар 2025, 15:41 -
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр- Бас прокурор
29 Қаңтар 2025, 15:31