Талғарда изолятордан қашып кеткен адам зорлады деген күдіктінің кім екені анықталды

Қонаев. 22 қазан. ҚазТАГ- Талғарда изолятордан қашып кеткен адам зорлады деген күдіктінің кім екені анықталды, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 ж.т., Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздестіріп жатыр",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау ісі бойынша күдіктінің қашып кеткенін ҚазТАГ агенттігіне оқиғамен таныс дереккөз хабарлаған болатын.

Фото көзі: Пресс-служба ДП Алматинской области


adimage