Қазақстанның басым өңірінде сейсенбі күні жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ- Қазақстанның басым өңірінде сейсенбі күні жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, батыс және оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі»,- делінген хабарламада.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +6+8.

Алматыда күн құбылмалы, жауын- шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +20+22.

Шымкентте күн құбылмалы, таңертең және түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +16+18.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0+5, күндіз +9+14.

Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады.
 Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Ауа температурасы түнде +1+6, күндіз +9+14.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 7+12, түнде + 1+6.

Атырау облысында түнде және таңертең батыста және оңтүстікте жаңбыр жауады. Күндіз + 10+15, түнде + 1+6.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Күндіз + 9+14, түнде + 5+10.

Ақтөбе облысында түнде солтүстікте, шығыста және орталықта жаңбыр жауады, күндіз оңтүстікте және орталықта аздап жаңбыр жауады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз + 5+10, түнде 0 + 5.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қар жауады. Күндіз +3+8, түнде -4 + 1.

Павлодар облысында түнде батыста және оңтүстікте, түнде солтүстікте қар жауады. Күндіз + 6+11, түнде -3 + 2.

Шығыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте және шығыста қар жауады, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жаңбыр жауады. Күндіз + 10+15, түнде -2 + 3.

Қызылорда облысында таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Күндіз + 11+16, түнде + 3+8.

Түркістан облысында таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Күндіз + 15+20, түнде + 9 + 14.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 18+23, түнде + 5+10.

Жетісу облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 17+22, түнде + 4+9.

Фото көзі: pixabay.com


adimage