Франция қазақтың жылқы етіне қызығушылық танытты

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ- Франция қазақтың жылқы етіне қызығушылық танытты, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазанның басында Францияда өткен мал шаруашылығы саммиті аясында "Қайып ата" және Pegase BVS компаниялары арасында жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінде жылқы етін Францияға экспорттауға шаруалар мен шаруа қожалықтары қызығушылық танытып жатыр»,- делінген хабарламада.

Елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2024 жылдың сегіз айында 67 млн доллар болды, оның ішінде рапс дәні экспортының артуы есебінен Қазақстаннан Францияға экспорт алты есе өсті.

Сондай-ақ тараптар уақ малды экспорттаудағы ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелерін талқылап, француз тұқымды ірі қара малын қолдан ұрықтандыру арқылы қазақ тұқымын жақсарту бойынша бірлескен жобаны қарастырды.

Фото көзі: freepik


adimage