2024 жылы Қазақстанға 14 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келді

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ- 2024 жылдың басынан бері Қазақстанға 14 391 мың этникалық қазақ көшіп келіп, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

«2024 жылдың басынан бері Қазақстанға 14 391 мың этникалық қазақ көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 142,7 мың этникалық қазақ оралған»,- делінген хабарламада.

2024 жылы Қазақстанға келген қандастардың көбі (45,8%-ы) Қытайдан, (39%) Өзбекстаннан, (5,9%) Моңғолиядан келгендер.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны (57,6%), оның ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 477 қандас қоныс аударды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Фото көзі: Пресс-служба МТСЗН РК


adimage