Су тасқынынан кейін үш облыстың жол учаскелерін қалпына келтіруге Т7,6 млрд сұрауда

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Көлік министрлігі төтенше жағдайдың салдарын жоюға және үш облыстың тасқыннан кейін қираған жол учаскелерін қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бюджеттен Т7,6 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қазақстан Республикасы үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін дамытуға нысаналы трансферттер», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 0; 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 7 638 743,2; 2025 жыл - 0; 2026 жыл - 0», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т7 638 743 200.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар төтенше жағдайдың салдарын жоюға және Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы су тасқынынан кейін қираған жол учаскелерін қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты – төтенше жағдайдың зардаптарын жою және тасқыннан кейін қираған жол учаскелерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.

«Міндеттер: 2024 жылы орындалған жұмыстардың үлесі – 100%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: «ҚазАвтоЖол»


adimage