Шымкентте теміржол өтпесін салуға Т6,7 млрд жұмсамақ

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Шымкент қаласында теміржол өтпесін салу бойынша құрылыс жұмыстарына Т6,7 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль көпірлерін салу бойынша құрылыс жұмыстары; қосымша сипаттамасы - Шымкент қаласы Еңбекші ауданында Момынов көшесі бойында теміржол өтпесін салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т6 704 209 873», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған. 

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 қазанда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады.

«Өнім беруші тауарларды ұлттық және халықаралық стандартқа сәйкес алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен алу талап етіледі», - деп сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage