Шымкент. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында ондаған бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған. Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған», - делінген жексенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп хабарлады қадағалау органынан.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте алаяқтық пен жалған құжат жасаған ер адамға іздеу жарияланды
6 Қаңтар 2025, 15:25 -
Жетісу облысында заңсыз аулаған 100 келіден астам балық тәркіленді
6 Қаңтар 2025, 14:42