Шерзаттың Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

Қонаев. 10 желтоқсан. ҚазТАГ- Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды.

Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митинге шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Сонымен қатар, Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды.

Аяусыз өлтірілген жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап еткенін бұған дейін ҚазТАГ агенттігі хабарлаған болатын. Қоғам қайраткері Дінмұхамед Қаматайдың айтуы бойынша оның бір ғана талабы бар – құқық қорғау органдары ұлы мен бауырының өліміне қатысты жағдайды адал тергесе болды.

adimage